Текст

Аутизм спектрі бұзылыстары (АСБ) туралы ақпаратты тарату айлығы аясында педагогтарға арналған «Инклюзивті білім беру жағдайында білім беру процесін ұйымдастыру және әдістері. АСБ бар балалармен жұмыс» тақырыбында лекция өтті. Іс-шарада инклюзивті оқытудың тиімді тәсілдері, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдау жолдары және тәжірибелік ұсыныстар қарастырылды. Қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, кәсіби құзыреттерін арттырды.