Текст
Қазақстан Республикасында Бірыңғай өрт қауіпсіздігі күні
Бірыңғай өрт қауіпсіздігі күні аясында шағын орталығымызда мектепке дейінгі тәрбиеленушілерге арналған танымдық іс-шаралар өтті. Балалар өрттің неден пайда болатынын, оттың қауіпті екенін, сондай-ақ төтенше жағдайда 101 және 112 нөмірлеріне қоңырау шалу керектігін білді.
Іс-шараның мақсаты – балаларға өрт қауіпсіздігі ережелерін үйрету және өз қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.