Текст
Әлеуметтік педагогтың педагогикалық ұжыммен жұмысы
Әлеуметтік педагогтің қызметі аясында педагогикалық ұжыммен әртүрлі типтегі отбасылардан шыққан балалармен жұмыс істеу мәселелері бойынша ақпарат жинау және талдау жүргізілді. Оқушылардың дамуы мен оқуына әсер ететін әлеуметтік, психологиялық және тәрбиелік факторларға ерекше назар аударылды.
Кездесу барысында сыныптардың әлеуметтік паспорттарын құрастыру әдістемесі қарастырылды. Педагогтерге әлеуметтік паспорттың мақсаттары, құрылымы және оны қолданудың практикалық маңызы түсіндірілді. Бірлескен жұмыс педагогтер арасындағы өзара әрекеттестікті нығайтып, әрбір бала үшін қолайлы білім беру ортасын қалыптастыруға мүмкіндік береді.



