Текст
"Жас Ұлан" РБЖҰ қатарына 10 адамнан тұратын 5 сынып оқушыларын қабылдау салтанатты рәсімі Қазақстан халқының бірлігі мерекесі қарсаңында өтті.
Салтанатты жиын Мемлекеттік әнұранның орындалуымен ашылды. Мектеп басшыларына "Жас Ұлан" төсбелгісін тағып, галстук тағуға құрметті құқық берілді. Оқушылар патриот болуға, еліміздің мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге және туған жерін сүюге ант берді.