КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ«ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ  ШКОЛА СЕЛА КИЕВСКОЕ ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЖАКСЫНСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»
«АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАҚСЫ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ КИЕВСКОЕ АУЫЛЫНЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Адам ресурстарын парасатты басқарудың шарты ретінде кадрлық процестердің ашықтығы мәселесі бойынша семинар».

16.06.2026

2026 жылғы 15 маусымда «Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімінің Киевское ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ-де «Кадрлық процестердің ашықтығы – адам ресурстарын парасатты басқарудың шарты ретінде» тақырыбында семинар өтті.
​Іс-шараның мақсаты – мемлекеттік органдардағы қызметтік және еңбек қызметінің барлық кезеңдерінде кадрлық процестердің рөлін, этикалық стандарттарды, мүдделер қақтығысының алдын алуды және парасаттылық мәдениетін қалыптастыруды талқылау болды. Сондай-ақ қазіргі жағдайда ұйымның кадрлық әлеуетін басқару процестерін іске асырудың қолданыстағы тәсілдеріне талдау жасалып, осы процесті жаңғырту бойынша ұсынымдар әзірленді.Зерттеу аясында адами әлеуетті басқарудың теориялық негіздері қарастырылып, қызметкерлерді бағалау және дамыту әдістеріне талдау жасалды. Кадрлық әлеуетті дамыту қызметкерлерді оқытуды, біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды көздейді. Бұл ретте қызмет нәтижелерін бағалау мен қызметкерлерді жоғары көрсеткіштерге қол жеткізуге ынталандыратын мотивация жүйесі маңызды аспектілердің бірі болып табылады.

Просмотров: 996


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст