23.02.2026
Қызмет көрсетуші туралы мәлімет:
Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөліміне қарасты «Киевское ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ.
Заңды мекенжайы: Ақмола облысы, Жақсы ауданы, Киевское ауылы, Рагузов көшесі, 176.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:
Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөліміне қарасты «Киевское ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-де білім беру саласы бойынша 9 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.
2025 жылы барлығы 24 мемлекеттік қызмет көрсетілді:
Білім беру саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер тегін негізде көрсетіледі.
1) Ең көп сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:
Білім беру саласындағы ең көп сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер:
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпарат көздері мен қолжетімділік орындары
Қызмет алушылар үшін қажетті барлық ақпарат ресми интернет-ресурста орналастырылған:
http://sc0005.zhaksy.aqmoedu.kz/content/gosudarstvennye-uslugi-754
«Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары орналастырылған. Сондай-ақ ақпараттық стендтерде мемлекеттік қызметтер көрсету ережелері ілінген. Өзін-өзі қызмет көрсету бұрыштары жұмыс істейді.
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық актілер жобаларын жария талқылау туралы ақпарат
Қазіргі уақытта нормативтік құқықтық актілер жобаларын жария талқылау ашық нормативтік құқықтық актілер интернет-порталында жүзеге асырылады.
Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөліміне қарасты «Киевское ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ тарапынан нормативтік құқықтық актілер әзірленбеген.
3) Мемлекеттік қызметтер көрсету үдерісінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар
2025 жылы әлеуметтік желілерде 10 мақала жарияланып, 1 тікелей эфир өткізілді.
Ай сайын бұқаралық ақпарат құралдары және қызмет көрсетушілердің интернет-ресурстары арқылы халыққа мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету және мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру мақсатында мектеп Akmola.kz бірыңғай ақпараттық жүйесінде жұмыс істейді. Аталған жүйеде 4 автоматтандырылған мемлекеттік қызмет іске асырылған.
Сондай-ақ 2022 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің АРМ ГУ МП РК жүйесі жұмыс істейді, онда 28 мемлекеттік қызмет қолжетімді.
1) Шағымдар туралы ақпарат
2025 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша шағымдар түскен жоқ.
2) Ішкі бақылау нәтижелері
Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерінің бұзылуы және негізсіз бас тарту жағдайлары анықталған жоқ.
3) Қоғамдық мониторинг нәтижелері
Қоғамдық мониторинг нәтижелері бойынша 2025 жылы мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерінің бұзылуы анықталған жоқ. Мемлекеттік қызметтер көрсету барысында заң бұзушылықтардың алдын алу шаралары қабылдануда.
Қызмет алушылардың қанағаттанушылығын арттыру және мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсарту мақсатында 2025 жылға Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау бойынша бақылау іс-шараларының жоспары бекітілді.
2026 жылы жеке және заңды тұлғаларды қолжетімді әрі сапалы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасатын болады.